Виктория Зябкина Жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмады
Қазақстандық жеңілатлетші Виктория Зябкина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының 200 метрге жүгіруден финалға шыға алмады.
Жартылай финалдық бәсекеде ол 200 метр қашықтықты 22,77 секундта жүгіріп өткен. Бұл нәтиже Викторияны финалға шығара алмады.
Еске сала кетейік, Бейжіңде өтіп жатқан Әлем чемпионаты 30 тамыз күні аяқталады. Қазірге дейінгі Қазақстан құрамасының қоржыныдағы жалғыз қола медальді Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова алды.