Ауыр атлетикадан Қытайда өтетін Гран-при турниріне қатысатын спортшылардың тізімі белгілі
Қыркүйек айының 21-23 күндері Қытайдың Фучжоу қаласында өтетін ауыр атлетикадан Гран-при турниріне Қазақстан құрамасынан 9 атлет қатысады.
Бұл – 2016 жылы Бразилия астанасы Рио-де-Жанейрода өтетін Жазғы Олимпиада жолдамасын сарапқа салатын лицензиялық турнир.
Аталмыш сайыста Қазақстанның намысын тоғыз спортшы қорғайды:
1. Харки Фархад (69 келі)
2. Александр Ким (69 келі)
3. Кирилл Павлов (77 келі)
4. Айдар Қазов (77 келі)
5. Семен Линдер (85 келі)
6. Ниджат Рагимов (85 келі)
7. Сәуле Сәдуақасова (63 келі)
8. Фаина Сиванбаева (69 келі)
9. Әсем Садықова (69 келі).