Ауыр атлетші Сәуле Сәдуақасова Қытайда өтіп жатқан Гран-при турнирінде қола медаль алды
Қазақстандық зілтемірші Сәуле Сәдуақасова Қытайдың Фучжоу қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан Гран-при турнирінде қола медаль иеленді.
63 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз жұлқа көтеруде 90 келіні бағындырған. Ал, серпе көтеруде ол алғашқы мүмкіндікте 110 келіні көтерсе, соңғы мүмкіндігінде 118 келіні көтеріп, өзіне берілген мүмкіндікті аяқтаған. Қос сайыс нәтижесі бойынша Сәуле Сәдуақасова 208 келіні бағындырып, турнирдің қола жүлдегері атанды.
Алтын медальді қытайлық Чень Гумин (100+135) алса, күміс жүлде Хлесткинаға бұйырды (101+119).
Еске сала кетейік, Гран-при турнирінде Сәуле Сәдуақасовдан бөлек 8 спортшымыз сынға түсуде.