Ауыр атлетикадан ҚР Спартакиадасының 4-ші жарыс күні аяқталды
Талдықорғанда ауыр атлетикадан ҚР Спартакиадасының 4-ші жарыс күні аяқталды.
Ерлер арасындағы 77 келі салмақ дәрежесінде 356 (160 + 196) келі көтерген Ниджат Рахимов (Атырау облысы) жеңіске жетті. Күміс жүлдені 342 (146 + 196) келіні еңсерген Батыр Асраров (ОҚО) иеленсе, қола медальды 305 (140 + 165) келі көтерген Ренат Баударбеков (СҚО) ұтып алды.
85 келі салмақ дәрежесінде 366 (165 + 211) келі көтерген Азия чемпионы Ермек Өміртай (Атырау облысы) «алтын» алды. Тағы бір Азия чемпионы Айдар Қазов (СҚО) 353 (156 + 197) келі көтеріп, екінші орынға тұрақтады. Ал, қоссайыс нәтижесі бойынша 352 (160 + 192) келі еңсерген Семен Линдер (Алматы облысы) қола жүлде жеңіп алды.
94 келіде 390 (175 + 215) келі көтерген Рүстем Сыбай (Қызылорда облысы) алтын жүлдеге қол жеткізді. «Күмісті» 320 (150 + 170) келі көтерген Ринат Қалиекберов (ШҚО) алса, 225 (105 + 120) келі көтреген Шыңғыс Әкімжанов (Алматы) қола жүлдегер атанды.