Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден жабық кешендегі Азия чемпионы атанды
Ольга Рыпакова мен Элина Михина Катарда өткен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
Элина Михина 400 метр қашықтықта 2-ші келді. Ол Азияның жаңа рекордын орнатқан (51,67) брунейлік спортшы Миждат Олувакемиға ғана есе жіберді
Ал, Ольга Рыпакова Азия чемпионы атанды. Ол соңғы мүмкіндігінде 14,32 метр ұзындыққа секіріп, Азия чемпионы атанды. Бұл да Азия біріншілігінің жаңа рекорды. Үш қарғып секіруден тағы бір қазақстандық шебер Ирина Эктова қола медаль иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Виктория Зябкина 60 метрге жүгіруден, ал Роман Валиев үш аттап секіруден және Анастасия Сопрунова кедергілермен жүгіруден (60 метр) Азия чемпионы атанған еді.
Сонымен қатар, кедергілермен жүгіруден (60 метр) Анастасия Пилипенко күміс, 400 метрге жүгіруден Михаил Литвин, 800 метрге жүгіруден Татьяна Нерознак (2:06:32) қола медаль иеленді.
Осылайша Қазақстан Ұлттық құрамасы Катарда өткен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте 3-ші орын иеленді. 1-ші орында Катар, 2-ші орында Қытай құрамасы.
Жүгіру. 400 метр. Әйелдер. Финал
1. Мужидат Олувакеми (Бруней) – 51,67
2. Елина МИХИНА (Қазақстан) – 53,85
3. Ти Лан Квач (Вьетнам) – 55,69
Жүгіру. 400 метр. Ерлер. Финал
1. Абдалелах Хассан (Катар) – 45,88
2. Абубакер Аббас (Бруней) – 46,60
3. Михаил ЛИТВИН (Қазақстан) – 46,80
Үш қарғып секіру. Әйелдер
1. Ольга РЫПАКОВА (Қазақстан) – 14,32
2. Джони Майока (Индия) – 14,00
3. Ирина ЭКТОВА (Қазақстан) – 13,48
Үш аттап секіру. Ерлер
1. Роман ВАЛИЕВ (Қазақстан) – 16,69
2. Ренит Махесвари (Индия) – 16,16
3. Рашид Ахмед Аль Маннаи (Катар) – 15,97
4. Евгений ЭКТОВ (Қазақстан) – 15,91
Кедергілермен жүгіру. 60 метр. Әйелдер
1. Анастасия СОПРУНОВА (Қазақстан) – 8,17
2. Анастасия ПИЛИПЕНКО (Қазақстан) – 8,17
3. Валентина Кибалникова (Өзбекстан) – 8,32