Қазақстандық қол күрес шеберлері Швецияда үш алтын медаль иеленді
Швецияның Эскильстун қаласында қол күресінен ХХVII «Golden arm» халықаралық турнирі аяқталды.
Еліміздің спортшылары халықаралық сайыста үш рет Қазақстан әнұранын шырқатты. Алдымен 70 келі салмақта Кайырхан Шамиев алтын медальға ие болса, 78 келідегі спортшылар арасында Мағжан Шамиев чемпион атанды.
Ал ауыр салмақта қазіргі Әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев қарсылас шақ келтірмей, турнир чемпионы атанды. Жарыс соңында абсолютті салмақта жарысқа қатысқан Мағжан Шамиев пен Қыдырғали Оңғарбаев финалда жолығып, Оңғарбаев жеңіске жетті. Енді, спортшыларымыз 18-20 наурызда Индонезияда өтетін турнирге барады.
«Аламан.кз»