Шаңғы спортынан «Канада турының» алтыншы кезеңі аяқталды
Канаданың Кэнморе қаласында шаңғы спортынан «Канада туры» турнирі өтіп жатыр. Оған Қазақстан құрамасы сапынан Алексей Полторанин қатысуда.
Ерлер арасында 30 шақырымға созылған алтыншы кезеңде норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю жеңіске жетті.
Ал, қазақстандық Алексей Полторанин мәре сызығын 20-шы болып кесті. Сөйтіп, жалпы есепте 15-орынға шықты.
«Канада туры». Кэнмор (Канада),
Ерлер. Скиатлон (15 км еркін бағдарлама + 15 км классикалық бағдарлама).
1. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) — 1:16:29.7
2. Сергей Устюгов (Ресей) — +2.8
3. Матти Хейкинен (Финляндия) — +3.7
20. Алексей Полторанин (Қазақстан) — 1:36.5
«Канада туры», Жалпы есеп:
1. Сергей Устюгов (Ресей) — 2:42:52.4
2. Петтер Нортуг-младший (Норвегия) — +47.3
3. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) — +1:04.5
15. Алексей Полторанин (Қазақстан) — +7:01.4