Олимпиада ойындарында іске қосылатын барлық ауыр атлетикалық нысандарға тексеріс өткізілді
Наурыздың 12-14 күндері аралығында Рио-де-Жанейрода Халықаралық ауыр атлетика федерациясы атқарушы комитетінің шеңберінде 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындарында іске қосылатын барлық ауыр атлетикалық нысандарының тексерісі өткізілді.
Аталмыш іс-шараға алғаш рет ҚР ауыр атлетика Федерациясының президенті, бұған қоса ХААФ маркетинг комиссиясына төрағалық ететін Жанат Түсіпбеков басқаруымен қазақстандық делегациясы да қатысты.
Тексеріс барысында комиссия олимпиялық қалашық нысандарының дайындығы және жабдықталуымен, соның ішінде ауыр атлетшілердің ойын көрсету, жаттығу, қалпына келтіру, мекендеу мен аккредитация жасау орындарымен танысты. Біздің спортшыларымыз «РиоЦентро» кешенінде өнерлерін көрсетеді.
Айта кетейік, бұл жерде Олимпиаданың «алтыны» үшін еліміздің тағы бір мықты командасы – Қазақстанның бокстан құрамасы да бақ сынайды.