Жасұлан Қыдырбаев пен Алмас Өтешовке қатысты допинг тергеудің жауабы сәуірдің соңында айтылады
Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.
Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ауыр атлеттеріне қатысты допинг тергеудің жауабын сәуірдің соңына қарай жария етеді.
«Осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылған, қазір комиссия жұмысын аяқтаған жоқ. Тергеу аяқталған соң, жауабын жария етеміз. Шамамен, сәуір айының соңына қарай мәселенің мәні белгілі болады», - дейді Е.Қанағатов.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 24 желтоқсанында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы зертханалық сараптамалар нәтижесін негізге ала отырып, ауыр атлетикадан 2015 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері - Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаевты, сондай-ақ, Ермек Өміртайды допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстан шеттеткен болатын.
inform.kz