Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың күміс медалін алуы мүмкін
Ресейлік жеңілатлет Татьяна Лебедева 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында үш қарғып секіруден алған күмісінен айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz Халықаралық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол допингпен ұсталған.
Осылайша, Лебедеваның 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында алған күміс медалі қазақстандық Ольга Рыпаковаға өтуі мүмкін. Ал бұған дейін Рыпакова үшінші орын алған қарсыласы грекиялық Хрисопия Деветцидің допингпен ұсталуына байланысты қола медальға ие болған еді. Сол Олимпиадада алтын медальді Камерун атлеті Франсуаза Мбанго Этон алған болатын.
Бейжіңдегі медаль - Рыпакованың мансабындағы үшінші Олимпиада жүлдесі, 2012 жылы Лондонда ол чемпион атанса, 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада қола медаль алған болатын.