Григорий Егоров Қазақстан жеңіл атлетика құрамасының бас бапкері болды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болып Григорий Егоров тағайындалды, деп хабарлайды ЖАФ баспасөз қызметі.
Бұл туралы Алматыда өткен арнайы пресс-конференцияда жарияланды.
Григорий Егоров - сырықпен секірістен 1988 ж. Сеул Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы (2002), Азия чемпионатының жеңімпазы (2003).