Ольга Рыпакова «Гауһар лигасының» кезеңінде бақ сынайды
Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова «Гауһар лигасындағы» жарысқа қатыспақ.
Отандасымыз 7 маусым күні Ослодағы «Гауһар лигасының» кезеңіне шақырту алған. Екінші кезеңде үш қарғып секіру додасына қатысу үшін 9 танымал спортшы таңдап алынды. Оның ішінде Шанхайдағы «Гауһар лигасында» жүлдегер атанған үш атлет бар.
Еске сала кетейік, алғашқы кезеңде колумбиялық Катрин Ибаргуэн 14,80 метрге секіріп, жеңімпаз атанған. Екінші және үшінші орындарда Ямайка келінің өкілдері Шаниека Риккетс (14.55) пен Кимберли Уильямс (14.35) бар.