Михаил Кукушкин «Челленджер» турнирінде жеңімпаз атанды.
Михайл Кукушкин «Челленджер» турнирінің жеңімпазы атанды. Түркияның Измир қаласында өткен бәсекеде жерлесіміз халықаралық ареналардың азулы теннисшілерін жарыс жолынан тайдырды. Финалда италияндық Лука Соренсенамен кездесіп, 6-1 және 6-4 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойын Кукишкин үшін оңайға түспеді. Десе де, 1 сағатқа созылған кездесудің қортындысы қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Ал, соңғы шешуші сайысқа дейін, әлемнің сегізінші ракеткасы Италияның хас шебері Флавио Чипполудан үш сет бойы басым түскен болатын. Жарыстың екінші айналымында Мирзу Басичаны ірі есеппен тас-талқан етті. Естеріңізге сала кетеміз, Михайл Кукушкин осыменен 3 рет «Челленджер» турнирінде көш басын ешкімге бермеді.