Серена Уильямс пен Ли На Бейжіңдегі турнирдің келесі кезеңіне шықты
Әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс Бейжіңдегі турнирдің 3-ші кезеңіне шықты. Жарыстың екінші айналымында америкалық теннисші Италия елінің өкілі Франческо Скьявониден басым түсті. 1 сағат 48 минутқа созылған кездесуде Уильмс 4 брейк жасап, жеңіске жетер жолды тапты. Есеп 6:4, 7:5. Енді 3-ші кезеңде Америка спортшысына ресейлік Мария Кириленко қарсылас атанады. Ал әлемнің бесінші ракеткасы Ли На өз жанкүйерлері алдында сербиялық Боян Йовановскийді тізе бүктірді. Қытайлық теннисші 6 эйс жасап, және қарсыласының қателіктерін ұтымды пайдаланып, 53 минуттың ішінде жеңіске жетті. Есеп 6:0, 6:1. Келесі кезеңде Ли На неміс қызы Сабина Лисицкимен сайысқа түсетін болады.