Джокович финалда
Сербиялық теннисші Новак Джокович Шанхайда өтіп жатқан ATP Masters турнирының ақтық сынына жолдама алды.
Жартылай финалда француз теннисшісі Жо-Уилфрид Тсонганы ұтты. Бір жарым сағатқа созылған ойында, Новак екі сетте 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Сербтің келесі қарсыласы Хуан Мартин дель Потро/Рафаэль Надаль жұбының жеңімпазы болады