Джокович Шанхай ATP Masters турнирінің жеңімпазы атанды
Новак Джокович Шанхай ATP Masters турнирінің финалында аргентиналық Хуан Мартин дель Потроны үш сетте, 6:1, 3:6, 7:6 есептерімен ұтып, Шанхай кортындағы былтырғы жетістігін қайталап, жарыс жеңімпазы атанды.
Финалдық кездесу 2 сағат 32 минуттқа созылып, үшінші кезеңде, тай-брейкте серб өзінің мықты екенін дәлелдеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл Новактың биылғы маусымда алтыншы рет топ жаруы.