Камила Керімбаева ITF турнирінің жеңімпазы
Астанада теннистен халықаралық ITF турнирі аяқталды. Жүлде қоры 10000 АҚШ доллары болған бұл бәсекеде қазақстандық теннисші Камила Керімбаева жеңіске жетті. Ол финалда өзбекстандық теннисші Альбина Хабибуллинаны 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
Ақтық сынға дейін Камила Керімбаева қырғызстандық Ксения Палкина мен словакиялық Шантал Скамловадан басым түсті.