Зарина Диас екінші айналымға өтті
Мельбурнде өтіп жатқан «Australian Open» турнирінде қазақстандық теннисші Зарина Диас бірінші айналымды сәтті аяқтады. Ол Чехия теннисшісі Катерина Синякованы 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Ол екінші айналымда Сорана Кирстеа (Румыния) – Мариан Эракович (Жаңа Зеландия) кездесуінің жеңімпазымен бәсекеге түседі.
Айта кету керек, WTA рейтингінде Зарина Диас 152-ші, ал Катерина Синякова 173-ші орында тұр.
Бұған дейін, екінші айналым жолдамасына тағы бір қазақстандық теннисші ие болған еді. Галинва Воскобоева румын қызы Ирина-Камелия Бегуді 7:5, 4:6, 7:5 есебімен ұтты. Оның келесі қарсыласы – әлемнің 16 ракеткасы, испандық Карла Суарес-Наварро.