Қазақстандық теннисшілер Дэвис Кубогына дайындық үстінде
Дэвис Кубогы бәсекесінде қазақстандық теннисшілерге атақты швейцариялықтар Роджер Федерер мен Станислас Вавринка қарсылас атанады. Қазақстандық теннисші Андрей Голубев кездесу қарсаңындағы ойымен бөлісті.
«Аты аңызға айналған және Австралия ашық біріншілігінде жеңіске жеткен теннисшімен ойнау оңай емес. Бірақ бұл біз үшін, жанкүйерлер үшін, Қазақстан үшін пайдалы болмақ. Біз бұл матчқа дайындаламыз», - дейді теннисші.
Спортшы Дэвис Кубогы алдында бірнеше турнирге қатысуға ниетті.