Шведова Индиан-Уэллс турнирінің екінші айналымына шықты
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 5,6 миллион доллардан асатын BNP Paribas Open турнирінің жекелей сынында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова екінші айналымға шықты.
Іріктеуден сүрінбей өтіп, негізгі кезеңге жолдама алған 26 жастағы Шведова алғашқы айналымда Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Шанель Шиперстен басым түсті.
2 сағат 38 минутқа созылған кездесу 4:6, 6:4, 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.
Оның келесі қарсыласы - эстониялық Кайя Канепи.