Зарина Диас әлемнің мықты 100 теннисшінің қатарына енді
Қазақстандық теннисші Зарина Диас алғаш рет әлемдегі ең мықты 100 теннисшінің қатарына енді. Әйелдер теннисінің қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады.
20 жастағы Зарина Диас Майамиде өткен турниде екінші айналымға шыққаннан кейін 105-ші орыннан 91-ші орынға көтерілді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова да өз рейтингісін жақсартты Ол 58-ші орыннан 55-ші орынға жоғарылады.
Галина Воскобоева бір саты төмен сырғып, 64-ші орынға тұрақтады.
Қазақстандық тағы екі теннисші Юлия Путинцева мен Сесиль Каратанцева 153-ші (154) және 177-ші (167) орындардан көрінді.
Топ басында америкалық теннисші - Серена Уильямс. Екінші орында -қытайлық На Ли, ал үшінші орында - польшалық Агнешка Радванска.