Ярослава Шведова жұптық турнирде жеңіске жетті
АҚШ-тың Чарльстон қаласында өткен WTA турнирінің жұптық бәсекесінде қазақстандық-испандық жұп Ярослава Шведова мен Анабель Медина-Гарригес топ жарды.
Олар финалда Хао-Чин Чань (Қытай) - Юнжань Чен (Тайбэй) жұбын 7:6, 6:2 есебімен ұтты. Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалда қазақ-испан дуэті америкалықтар Ракель Копс-Джонс пен Эбигейл Спирстен 7:5, 6:7, 10:8 басым түскен еді.
Ал жекелей сында неміс қызы Андреа Петкович топ жарды. Ол ақтық сында словак Яна Чепелованы 7:5, 6:2 ұтты. Айта кетейік, бұл турнирдің жалпы жүлде қоры 710 мың АҚШ доллары құрады.