Ярослава Шведова Нюрнбергтегі турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші, әлемнің 72-ші ракеткасы Ярослава Шведова Германияда өтіп жатқан Nürnberger Versicherungscup турнирінің алғашқы айналымында 27 жастағы австриялық теннисші, әлемнің 74-ші ракеткасы Патриция Майр-Ахлайтнерді ұтты. Есеп: 7/5, 6/3.
Ойын 1 сағат 17 минутқа созылды. Осы уақыттың ішінде қазақстандық теннисші 6 брейк-пойнтты жүзеге асырды. Бұл ойыннан кейін екі теннисшінің арасындағы жеке кездесу 3:1 есебімен Ярослава Шведованың пайдасында.
Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін жапондық Куруми Нараны жеңуі тиіс. Ол өз кезегінде румын қызық Моника Никулескуды жеңді.
Фото: gotennis.ru