Зарина Диас WTA рейтингінде 10 сатыға көтерілді
Қазақстандық теннисші Зарина Диас WTA-ның жаңартылған рейтингінде 86-шы орында. 20 жастағы теннисші WTA Internationaux de Strasbourg турнирінде ширек финалға дейін жетіп, 10 сатыға жоғарылады. Оның ең үздік нәтижесі 85-ші орын.
Ал Галина Воскобоева еліміздің бірінші ракеткасы болып қалды. Ол 69-шы орыннан 68-ші орынға жылжыды. Ярослава Шведова 72-ші сатыдан 69-шы сатыға көтерілді.
Сесиль Каратанчева 170-ші, Юлия Путинцева 196-шы орынға тұрақтады.
Айта кетейік, рейтингтің алғашқы ондығында ешқандай өзгеріс болмады. Көш басында - АҚШ теннисшісі Серена Уильямс. Екінші және үшінші орында – қытайлық На Ли мен польшалық Агнешка Радванска.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Зарина Диас Roland Garros турнирінде чехиялық Петра Квитовамен ойнайды. Бұл ойын Астана уақытымен 19:30-ға белгіленген.