Михаил Кукушкин Чехияда өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады
Чехияның Простеев қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин жеңіске жетті.
Ол корт иесі Ян Херныхпен кездесіп, 2:6, 7:6, 6:3 есебімен басым түсті. Ойын 2 сағат 21 минутқа созылды.
Михаил Кукушкин келесі айналымда тағы бір қазақстандық теннисші Александр Недовесовпен кездесуі мүмкін. Ол бірінші айналымда монаколық Бенжамин Баллеретпен ойнайды.