ITF Ноттингем. Зарина Диас - Оливия Роговска: 6/2, 3/6, 6/0
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Ноттингем қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің екінші айналымына шықты.
Зарина Диас алғашқы айналымда австралиялық теннисші Оливия Роговсканы 6/2, 3/6, 6/0 есебімен ұтты. Айта кетейік, бұл олардың алғашқы кездесуі.
20 жастағы қазақстандық теннисші келесі айналымда Тамира Пажек (Австрия) пен Наоми Броуди (Ұлыбритания) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Зарина Диас Франция ашық біріншілігі - «Ролан Гаррос» турнирінен бірінші кезеңде шығып қалған еді. Ол чехиялық Петра Квитоваға есе жіберген болатын.