Шведова мен Соареш финалға шыға алмады
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен бразилиялық Бруно Соареш жұбы Францияның ашық чемпионатында финалға шыға алмады.
Жартылай финалда олар неміс қызы Анна-Лена Гренефельд пен француз Жан-Жюльен Ройер жұбына есе жіберді.
Бірінші сетте 6:3 есебімен басым түскен Шведова мен Соареш, қалған екі сетте Гренефельд пен Райердің қарқынына төтеп бере алмады. Есеп - 6:7, 5:10.
Олар финалда германиялық теннисші Юлия Гергес пен Сербия өкілі Ненад Зимоничпен кездеседі.