Topshelf Open. Ярослава Шведова ширек финалда Клара Коукаловадан ұтылды
Нидерланд елінің Хертогенбош қаласында өтіп жатқан Topshelf Open турнирінде қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жартылай финалға шыға алмады. Ол ширек финалда чех қызы Клара Коукаловадан 2/6, 4/6 есебімен ұтылды.
Екі теннисші арасындағы алғашқы матч 1 сағат 11 минутқа созылды. Бұл ойында Шведова екі брейк-пойнтты жүзеге асыра алмаса, Коукалова үш рет брейк жасады.
Бұған дейін, Ярослава Шведова осы турнирде әлемнің оныншы ракеткасы Доминика Цибулкова мен корт иесі Михаэлла Крачйектен басым түскен еді.
Суретте: Клара Коукалова