Путинцева «Бостад» турнирінің іріктеу кезеңінде екінші айналымға өтті
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Швецияда әйелдер арасында өтіп жатқан «Бостад» турнирінің іріктеу кезеңінде алғашқы айналымнан сүрінбей өтті.
19 жастағы Юлия алғашқы кездесуінде турнирдің 12-ші ракеткасы француздық Лаура Торпты үш сетте (2:6, 6:3, 6:0) жеңді.
Отандасымыздың келесі қарсыласы украиналық – Катерина Бондаренко. Катерина бірінші кезеңде лихтенштейндік Стефани Фогті 7:5, 6:4 есебімен жеңген болатын.