Андрей Голубев Гштаад турнирінің екінші айналымына өтті
Қазақстандық тениисші Андрей Голубев Швейцарияда өтіп жатқан «Credit Agricole Suisse Open Gstaad» турнирін жеңіспен бастады.
Бірінші кезеңде Андрей Голубев испаниялық Иниго Сервантесті үш сетте – 3:6, 6:3, 7:6 есебімен ұтып, келесі айналымға шықты.
Екінші кезеңдегі қарсыласы сербиялық – Виктор Троицки. Ол турнирдің 8-ші ракеткасы швейцариялық Доминик Тимді екі сетте – 7:6, 6:4 нәтижесімен жеңген.
Андрей Голубев екінші айналымға шыққаны үшін 7 мың 405 евро және 20 рейтингтік ұпай алды.