Теннистен «Президент кубогы – 2014» бәсекесі аяқталды
Астанада өткен Халықаралық теннис федерациясы (ITF) турнирінің қыздар арасындағы бәсекеде ресейлік Виталия Дьяченко жеңімпаз атанды. Ол финалда түркі қызы Чаглу Буюкакчайдан 6/4, 3/6, 6/2 есебімен басым түсті.
Ерлер арасында литвалық Ричардас Беранкистің жолы болды. Ол шешуші сында түрік теннисшісі Марсель Ильханды 7/5, 5/7, 3/6 есебімен жеңді.
Ал қазақстандық теннисшілер бұл турнирдің ширек финалынан аса алмады.
Айта кетейік, «Президент кубогы – 2014» бәсекесін «KAZsport» телеарнасы көрермен назарына ұсынды.