Астанада Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга ойнайды
24-25 қыркүйекте Астанаға жеке разрядтағы «Үлкен дулығаның» 14-ші турнирінің жеңімпазы, Олимпиада чемпионы Рафаэль Надаль келеді, деп хабарлайды Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметі.
25 қыркүйекте сағат 19:00-де Астананың Ұлттық теннис орталығында Рафаэль Надальдың көрнекті матчы өтеді. Надальдың қарсыласы әлемнің ТОП-10 теннисшісі қатарына енген атақты француз Жо-Вильфрид Тсонга болмақ.
Сонымен қатар, Надаль мен Тсонга қазақстандық жас теннисшілердің «Team Kazakhstan» академиясының тәрбиеленушілерімен шеберлік сыныптарын өткізеді.
«Бұл сапар - жас теннисшілер үшін баға жетпес мүмкіндік, кәсіби теннисшілердің ізін қуып келе жатқан жастар тамаша ойынның куәсі болмақ. Аты аңызға айналған, әр ойыны - ерекше тартымды оқиғаларға толы спорт шебері көрермендеріне ерекше шабыт пен тәжірибе тарту етеді», - деп атап өтті федерация президенті Болат Өтемұратов.
Фото: eurosport.fr