Зарина Диас WTA рейтингісінде 40-шы орнын сақтап қалды
Қазақстандық теннисші Зарина Диас өткен аптаның қорытындысы бойынша WTA рейтингісіндегі 40-шы орнын сақтап қалды.
Бұл – көрсеткіш қазақстандық теннисші қыздар арасында ең жоғары көрсеткіш. Ярослава Шведова 63-тен 65-ші орынға түсіп қалды.
Қалған қазақстандық теннисші қыздардың рейтингтегі орны келесідей:
Юлия Путинцева – 130,
Галина Воскобоева – 176,
Сесиль Каратанчева – 191.
Камила Керімбаева – 305.
Әйелдер арасындағы WTA рейтингісін америкалық Серена Уильямс бастап тұр. Екінші орында румыниялық Симона Халеп, ал чехиялық теннисші Петра Квитова үшінші орында.