Зарина Диас Осакада өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты
Жапонияның Осака қаласында әйелдер арасында хардта WTA сериясына кіретін «Japan Women’s Open Tennis» турнирі өтуде. Жарыстың жүлде қоры – 250 мың АҚШ доллар.
Осы турнирге қатысып жатқан 20 жастағы қазақстандық Зарина Диас (Осакада 5-ші нөмірлі, әлемдік рейтингте 37-ші) екінші кезеңде 22 жастағы испаниялық Лара Арруабарренаны (әлемдік рейтингте 82-ші) 6:0, 6:1 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.
Заринаның келесі қарсыласы – хорватиялық Анна Конюх.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұл турнирдің ¼ финалына тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева өткен болатын.
Фото: jw-open.jp