Ярослава Шведова: Балаларды жаттықтыру маған қатты ұнады
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Қарағандыда балаларға ашық жаттығу өткізді. Спортшы бұл әсерімен Instagram желісіндегі жеке парақашасында бөлісті.
«Қарағанды қаласында балалармен кездестім. Жаттығу керемет көңіл-күйде өтті. Мен таңғалдым!», - деп жазды Ярослава Шведова.
Еске сала кетейік, теннисші өзінің соңғы матчын Бейжіңде турнирінде италиялық Роберте Винчимен өткізген еді.