Анна Данилина Таиландта өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына өтті
Таилдантың Пхукет қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайтын ITF сериялы теннис турнирінің жекелей сынында қазақстандық Анна Данилина ширек финалға шықты.
Ол екінші айналымда жарыстың төртінші ракеткасы, қытайлық Джи-Джинг Лудан 7:6, 6:2 есебімен басым түсті. Қазақстандық теннисшінің ширек финалдаға қарсыласы - Барбара Стефкова (Чехия).
Бұған дейін, Анна Данилина бірінші айналымда Таиланд спортшысы Нудниду Луангнамды жеңген еді. Есеп - 6:3, 6:2.