Өскеменде ITF Junior халықаралық турнирі жалғасуда
Осы уақытқа дейін жеке сайыстағы алғашқы кезең аяқталды. Оның қорытындысы бойынша, 8 қазақстандық келесі айналымға өтті. Турнирдің екінші ракеткасы Болат Мамыр ресейлік Алексей Дубининді 6:2, 6:0 есебімен жеңді. Ал, Константин Баранов отандасы Дамир Махмудовтан 6:3, 6:1 есебімен басым түсті.
Өзінің алғашқы ойынында Мәлік Омарханов Даниил Мищенконы 6:4, 6:3 есебімен екі сетте жеңді. Қазақстандық Әди Қалиақперов турнирдің 5-ші ракеткасы Павел Петровты ұтты. Есеп – 7:6(5),6:0. Әдимен бірге екінші айналымға Жансұлтан Чемботаев, Арсан Арашов, Григорий Ломакин мен Илья Таранин де жолдама алды.
Қыздар арасында турнирдің 1-ші ракеткасы қазақстандық Гозаль Айнитдинова екінші айналымға өтті. Ол отандасы Екатерина Дмитриченконы 6:0, 6:1 есебімен ұтты. Енді ол басқа қазақстандық теннисші Арина Талуенкомен кездеседі. Отандасымыз Дарья Детковская ресейлік жас теннисші Надежда Седушеваны жеңді. Есеп – 6:1,6:0.
Турнирдің 5-ші ракеткасы Жібек Құламбетова ресейлік Анна Сейдинкинаны, ал Камила Болатова өзбекстандық Александра Стаханованы жеңді.