Зарина Диас пен Ярослава Шведова өз орнын сақтап қалды
Теннистен әйелдер қауымдастығы (WTA) өткен аптаның рейтингін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық Зарина Диас пен Ярослава Шведова өз орнын сақтап қалды. Зарина – 33-ші, ал Ярослава – 65-ші.
Ал, Юлия Путинцева үш саты төмен сырғып, 116-шы сатыға орналасты. Камила Керімбаева 331-ші орыннан көрінді.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша үздік ондықтың ішінде еш өзгеріс болмады. Бірінші орында Серена Уильямс (АҚШ) тұр. Екінші және үшінші орында ресейлік Мария Шарапова мен румыниялық Симона Халеп.