Оралда жаңа теннис орталығы ашылды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Оралда заманауи теннис орталығы ашылды.
Салтанатты шараға байланысты Қазақстан мен Ресей спортшылары арасында жолдастық матч өтті. Ойында ресейлік теннисшілер 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Жаңа теннис орталығында «хард» жамылғысында 4 ашық және 4 жабық корт бар. Сонымен қатар, оның аумағында бейнебақылау орнатылған.
Енді халықаралық стандарттарға сай теннис орталығында республикалық және халықаралық дәрежедегі жарыстар өтеді.
Фото: ҚР Теннис федерациясы