Australian Open. Зарина Диас пен Мария Шарапова үшінші айналымда кездеседі
Мельбурнде өтіп жатқан Австралия ашық біріншілігінің екінші айналымында қазақстандық теннисші Зарина Диас Словакия өкілі Анна-Каролина Шмидлованы ұтты. Есеп - 3:6, 6:2, 8:6.
Зарина Диастың үшінші айналымдағы қарсыласы – ресейлік Мария Шарапова.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова да үшінші кезеңге шықты. Ол бүгін Пуэрто-Рика өкілі Моника Пуигтен басым түсті. Есеп - 6:2, 7:6. Келесі қарсыласы - қытай қызы Пенг Шуай.