К.Керімбаева Мысырда ITF сериясы турнирінің жұптық сынында финалға шықты
Қазақстандық теннисші Камила Керімбаева ресейлік Аминат Кушковамен жұптасып, Шарм-Эль-Шейхтегі (Мысыр) ITF сериясы турнирінің жұптық сынының финалына шықты. Жарыстың жүлде қоры – 10 мың доллар.
Жартылай финалда Керімбаева/Кушкова жұбы жарыстың үшінші жұбы Елена-Теодора Кадар (Румыния) мен Келли Верстегті (Нидерланд) 6:1, 6:4 есебімен ұтты.
Финалда қазақстандық-ресейлік жұп Диана Боголи (Украина)/Полина Лейкина (Ресей) жұбымен сынға түседі.