Кәмила Керімбаева ITF турнирінің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Кәмила Керімбаева украиндық Алина Сотниковамен жұптасып, Анталияда өтіп жатқан (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты. Бұл доданың жүлде қоры - 10 мың доллар.
Жартылай финалда үшінші нөмірмен шыққан Керімбаева-Сотникова жұбы Словакиядан келген Ленка Юрикова мен Наталья Вайдованы 7:6, 6:4 есебімен жеңді.
Шешуші ойында олар жарыстың төртінші дуэті - румындық Кристина Эна мен Иоана Роскамен кездеседі.
ҚазАқпарат