Ролан Гаррос-2015. Ярослава Шведова жұптық сайыстың финалына шықты
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова австралиялық Кейси Делакуамен жұптасып, Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» жарысының жұптық сайысында финалға шықты.
Олар жартылай финалда ресейлік Екатерина Макарова мен Елена Веснина жұбын 6:3, 6:2 есебімен жеңген. Енді олар финалда Бетани Маттек-Сэндс (АҚШ) - Люси Шафаржова (Чехия) жұбымен сынға түседі.
Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы «Ролан Гаррос» турнирін тікелей эфирде көрсетуде.