«Уимблдон – 2015». Зарина Диас ресейлік Мария Шараповадан ұтылып қалды
Қазақстанның бірінші және әлемнің 32-ракеткасы Зарина Диас «Уимблдон» турнирінің төртінші айналымында әлемнің 4-ракеткасы ресейлік теннисші Мариа Шараповадан ұтылып, турнирдің ширек финалына өте алмады.
Екі сетке созылған ойында Зарина Диас Мария Шараповадан 6:4, 6:4 есебімен жеңілді.
Айта кетейік, екі теннисші биыл «Australian Open» турнирінде кездесіп, 6:1, 6:1 есебімен Мария Шарапова жеңіске жеткен.