Дэвис Кубогы. Михаил Кукушкин Қазақстан құрамасына алғашқы жеңіс әкелді
Бүгін Австралияның Дарвин қаласында Дэвис Кубогы аясында ширекфиналдық Австралия-Қазақстан матчтары басталды.
Алғашқы ойында австралиялық Танаси Коккинакис пен қазақстандық Михаил Кукушкин кездесіп, отандасымыз 3:0 (6:4; 6:3; 6:3) есебімен жеңіске жетті.
Енді кортқа Александр Недовесов пен Ник Киргиос шығады.
Айта кетейік, Дарвиндегі барлық ойындарды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.