Ярослава Шведова Цинциннати турнирінің жұптық бәсекесінде финалға шықты
АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан турнирде Ярослава Шведова мен австралиялық Кейси Деллакуа жұбы финалға шықты.
Олар жартылай финалда тайвандық Чуан Чиа-Цзюн және Се Шувэй жұбын 6:2, 7:5 есебімен ұтқан.
Енді Я.Шведова мен К.Деллакуаның финалдағы қарсыласы Мартин Хингис (Швейцария) пен Сания Мирза (Үндістан) және Хао Чин Чань, Се Шувей (екеуі де Тайван) кездесуінің жеңімпазы болмақ.