Үш қазақстандық теннисші WTA рейтингінде өз орнын сақтап қалды
Қазақстандық теннисшілер Зарина Диас, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева Әйелдер теннис қауымдастығының рейтингінде өз орындарын сақтап қалды.
Әйелдер арасындағы рейтингте Зарина Диас 52, Ярослава Шведова 67 және Юлия Путинцева 77-орында.
Ал, жұптық рейтингте Ярослава Шведова алтыншы орында, Зарина Дияс 184 орыннан 189 сатыға төмендеді. Тағы бір қазақстандық теннисші Камила Керімбаева 487-сатыға орналасты.