Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Брисбендегі турнирде Кей Нисикоримен ойнайды
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан ATP сериясының турнирінде 2-ші айналымға шықты.
Ол алғашқы раундта өзбекстандық Денис Истоминмен кездесіп, 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, 28 жастағы М.Кукушкин әлемнің 65-ші, ал оның құрдасы Д.Истомин - 61-ші ракеткасы.
Енді қазақстандық спортшы 2-ші айналымда жапониялық Кей Нисикоримен ойнайды. Жапониялық спортшы осы турнирдің 2-ші нөмірі.