Александр Недовесов Australian Open жарысындағы іріктеуді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов (әлемнің 165-ші ракеткасы) Австралия Ашық чемпионатындағы іріктеу жарыстарын жеңіспен бастады.
Ол алғашқы матчта әлемнің 114-ші ракеткасы түркиялық Марсель Ильханды үш сетте ұтты. Александр Недовесов 1-ші сеттегі жеңілісіне қарамастан, ойынды өз пайдасына шешті. Қорытынды есеп – 2:6; 6:3; 6:4.
Енді отандасымыз іріктеу турнирінің финалына шығу үшін боснялық Алдин Сеткичпен кездеседі.