Юлия Путинцева Australian Open турнирінің 3-ші кезеңіне шықты
Австралияның Мельбурн қаласында теннистен «Үлкен дулыға» бәсекесінің алғашқы турнирі «Australian Open-2016» жалғасып жатыр.
Бүгін қазақстандық теннисші Юлия Путинцева қытайлық Синьюнь Ханды 6:3; 6:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге шықты.
Енді отандасымыз ресейлік Маргарита Гаспарянмен сынға түседі.